Жарияланды: 60

Астанадағы «Шапағат» базары 1,3 млрд теңгеге сатылды

Астанадағы «Шапағат» базары 1,3 млрд теңгеге сатылды Сурет - Informburo.kz

Елордадағы «Шапағат» коммуналдық базары 1 млрд 335 млн теңгеге сатылып кетті.

Бұл туралы Электрондық сауда алаңы мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Еске салсақ, былтыр күзде «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  «Шапағат» коммуналдық базары» ЖШС Жарғы капиталындағы 100% үлесі электрондық саудаға қойылғандығы туралы хабарлады. 

Электрондық сауда алаңы сайтындағы мәліметке сүйенсек,  сауданың бастапқы бағасы  1 329 971 984 теңгені құрады, ал кепілдік жарна - 75 750 000 теңге болды.

Тендерлік талаптар бойынша сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап 10 жыл ішінде серіктестік қызметінің профилін сақтауды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, сатушы бекіткен баға прейскурантына сәйкес, 3 жыл бойы жалдау құнын сақтауды қамтамасыз ету; 3 жыл ішінде сауда орындарының саны мен функционалдық мақсатын өзгертпеу; серіктестік мүлкінің аумағында техникалық пайдалану, өртке қарсы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау ережелерін, терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын қатаң сақтауды қамтамасыз ету сынды талаптар бар.

Нысанды сатып алушы келісімге қол қойылғаннан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей тендер қорытындылары бойынша анықталған сомадан сатып алудың 30 пайыз мөлшерінде аванстық төлемді, сонымен қатар салымның қалған 70 пайызын 30 күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндетті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылдың аяғында «Шапағат» базарын сатып алушы табылмай жатқаны айтылды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін