Астанадағы ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді

Астанадағы ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді

Елордада тұратын ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында 

  • 4 Мамыр 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарынбетов мәлім етті.

«Ардагерлерді пәтермен қамтамасыз ету мәселесі Астанада толық шешілген. 20 мамырда соңғы 6 пәтер бөлініп,  бұлар еліміздің өңірлерінен қоныс аударған ардагерлерге берілді»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үй және тұрмыстық жағдай бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде 84 ардагердің баспанасына түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осы тұрғыда атқарылатын күрделі жұмыстарды ескере отырып, жыл соңына дейін бұл бағыттағы шараларды толық аяқтаймыз. Бұл жұмыстар қала әкімінің жеке қадағалауында»,-деді М. Нарынбетов.