Астанадағы ҰҚК департаментінің тергеу изоляторы алдындағы жарылыстан қаза тапқандардың бірі Ауған соғысына қатысқан болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ҰҚК департаментінің тергеу изоляторы алдындағы жарылыстан қаза тапқандардың бірі Ауған соғысына қатысқан болып шықты

Астанадағы ҰҚК департаментінің тергеу изоляторы алдындағы жарылыстан қаза тапқандардың бірі Ауған соғысына қатысқан болып шықты

24-мамыр күні Астанадағы ҰҚК департментінің изоляторы жанындағы көлік жарылысында қаза тапқан Дмитрий Кельплер Ауған соғысына қатысқан білікті жауынгер болып шықты.

  • 2 Маусым 2011
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Дмитрий — Ауғанстанда соғысқан әскери зейнеткер болатын. Мен оның форма киіп түскен суреттерін көргенмін», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне оның Екібастұздағы көршісі хабарлады.

Оның айтуынша, Д.Кельплердің қызметі қопарылыс жасаумен байланысты болуы мүмкін. «Оның қолында бірнеше саусағы жоқ еді», — дейді сұхбат беруші.
Зейнетке шыққаннан кейін Д.Кельплер жолаушы тасымалымен айналысқан.
«Үш жыл бұрын ішімдікке құмар әйелімен ажырасып кеткен. Жалғыз ұлын өзі бағатын еді. Жарылыстан кейін екінші күні баласын Екібастұздағы жетімдер үйіне алып кеткен көрінеді», — дейді марқұмның көршісі.
Ал, оның ата-анасы Ресейді, ал әпкесі алыс шетелде тұрады.

Соңғы жаңалықтар