Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ

Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ

Астанаға кіру ақылы болатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді, - деп х

  • 14 Қаңтар 2017
  • 364
Фото - Caravan.kz

Астанаға кіру ақылы болатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ақылы кіру бұл қабылданған шешім емес, көлік басқармасының ұсынысы, мәселе әлі талқыланып жатыр. Мұндай ереже қашан енетіні және жалпы енгізіле ме, жоқ па шешілген жоқ. Сондықтан бағасы туралы сөз қозғау да қиын", — деп жазыпты Жұмабайұлы Facebook желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, Астана басшылығы 2017 жылдан бастап қоғамдық ұсыныстарды да тыңдау шешімін қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер, жобалар талқыға ұсынылады. Алғашқы отырыс қоғамдық көлік мәселесіне арналды, онда саланы дамыту бағдарламасы ұсынылды. 


Еске салайық, мұның алдында биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі кезінде кіру ақылы болатыны хабарланған.
 

Соңғы жаңалықтар