Астанаға Си Цзиньпин келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға Си Цзиньпин келді

Астанаға Си Цзиньпин келді

Осы ұлық мереке күні Астанаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келді. Дәл осы уақытта Аспан асты елінің басшысы Ақорда қожайынымен келіссөз жүргізіп жатыр.

  • 8 Мамыр 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келген. Сондықтан алдымен екі мемлекеттің әнұраны ойналып, Ақордада салтанатты қарауыл сап түзеді. Қытай төрағасы мен Қазақстан Президенті қос ел арасындағы байланысты одан әрі жандандырып, Жібек жолын жаңғыртуды жеделту жайын талқыламақ. Астанаға бірнеше сағат аялдаған соң Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып, Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатыспақшы. Айта кетейік, бұл шараға Қазақстан басшысы да барады. Бірақ, ертерек 8 мамыр күні барып, Еуразиялық Одақтың жиынына қатысуы тиіс.