Астаналық әйел сәбиін күні бойына қорапқа жатқызуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық әйел сәбиін күні бойына қорапқа жатқызуға мәжбүр

Астаналық әйел сәбиін күні бойына қорапқа жатқызуға мәжбүр

Бұл туралы Тимур Моржиков есімді азамат Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бұл суретті Астана қаласындағы Бөгенбай батыр мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханада жасырын түрде түсіріп алдым.

Микротолқынды пештің астындағы қорапта күні бойы жатқан мына сәбиді көргенде жүрегің қ?

  • 4 Қазан 2017
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Бұл суретті Астана қаласындағы Бөгенбай батыр мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханада жасырын түрде түсіріп алдым.

Микротолқынды пештің астындағы қорапта күні бойы жатқан мына сәбиді көргенде жүрегің қан жылайды. Анасы баласын асырау үшін күні бойы донер әзірлеуге мәжбүр. Оны даттауға болмас! Күн көру үшін барын салып жатыр… ЭКСПО сияқты дүниелерге ақша жұмсап, жалғызбасты аналарды қараусыз қалдырған біздің мемлекетті айыптау керек!» – деп жазды автор.


Желі қолданушылары әйелге көмек қолын созу үшін онымен байланысқа түсу жолдарын сұрап әлек. Тіпті, бір қайырымды жан сәбидің анасына жұмыс тауып беруге көмектескісі келетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар