Астаналық автовокзал 1 млрд теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық автовокзал 1 млрд теңгеге сатылды

Астаналық автовокзал 1 млрд теңгеге сатылды

«Сапаржай-Астана» ЖШС нақты құны 1 005 151 125,94 теңге болды.

  • 9 Қараша 2017
  • 247
Фото - Caravan.kz

Электронды түрде сатылымға шығарылған елордадағы «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 млрд теңгеге өтті, — деп хабарлайды elorda.info

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік реестрінің веб-порталына «Сапаржай-Астана» ЖШС 100% акциясы сатылымға қойылған еді. Саудаға қоюшы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жекешелендіру аукцион түрінде өтті.

Қатысушыларға 68 070 000 теңге төлеу міндеттелді. Ал аукциондағы бастапқы баға 484 359 000 теңге. Нәтижесінде «Сапаржай-Астана» ЖШС нақты құны 1 005 151 125,94 теңге болды. Автовокзалдың жаңа қожайындары туралы әзірге ақпарат жоқ.


Соңғы жаңалықтар