"Астанада білім беру желісінің кеңейтілуіне орай қалада педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі байқалуда. Мектепке дейін білім беру саласында тәрбиелеуші мәселесі аса үлкен болып отыр. Бұл негізінен осы салаға тәрбиелеуші санаты жоқ жас мамандардың келуіне байланысты болып отыр, мектепке дейінгі ұйымдардың ішінде арнайы жоғары мектепке дейінгі білімі бар ұстаздардың саны 6 пайызды құрап отыр", деді бейсенбіде тамыздық жиналыста қалалық білім беру басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева.
Оның деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта Астанада бір ғана гуманитарлық колледж мектепке дейін білім беретін мамандарды дайындайды, онда жыл сайын орта білімі бар 50 маман шығарылады.
"Кадрлар тапшылығы 10% құрауы ықтимал. Бұл алаңдарлық жәйт, сол себепті керекті шешімді қазір қабылдау керек", деді ол.