Жарияланды: 30

Астаналық такси қызметі жолаушыларды тегін тасымалдайды

Астаналық такси қызметі жолаушыларды тегін тасымалдайды

Бүгін ASTANA TAXI көліктері қалалық автобустар бағдарымен жүріп, жолаушыларды тегін тасымалдайды.

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шарты аясында, қалалық әкімдік үнемделген қаражат есебінен ASTANA TAXI-мен бірге "Жылы сапар" акциясын өткізеді. 7 ақпан күні ASTANA TAXI автомобильдері қалалық автобус бағдарларымен жүріп, жолаушыларды тегін әрі жайлы жеткізетін болады. Егер сіз автобус аялдамасында тұрсаңыз немесе көшеде такси тоқтатқанда ASTANA TAXI көлігі келсе, таң қалмаңыз. Осылайша біз сіздермен жақсылықты бөлісеміз», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, шыңылтыр аяз басталғалы астаналықтар аялдамада автобус күткен тұрғындарды көліктерімен жеткізіп тастап жатыр. Маңайына бей-жай қарамайтын елордалық көлік иелері осы үрдіске өзге адамдарды да атсалысуға шақыруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть