Астаналық жастар түнде супермаркет арбаларымен жарысуды сәнге айналдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық жастар түнде супермаркет арбаларымен жарысуды сәнге айналдырған

Астаналық жастар түнде супермаркет арбаларымен жарысуды сәнге айналдырған

Елорда жастарының арасында түнде супермаркет арбаларымен сырғанау сәнге айналған.

  • 11 Маусым 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz


Сауда желілерінің жұмысшылары мұндай ойынның соңы жақсыға апармайды деп дабыл қағуда, деп жазады Экспресс-К басылымы. 

Астананың ірі дүкендерінің бірінің менеджері Алдияр Рахманның айтуынша, ай сайын оның дүкенінен азық-түлік тасу үшін арналған арбалардың он шақтысы жоғалып кетеді. Олардың бәрі сол жағалаудағы магистральдің жиегінен табылып жатады.

«Біздің күзетшілер жастардың түнде арбаға мініп жарысатынын бір емес, бірнеше рет байқаған, — дейді Алдияр. — Бірақ оларды тоқтату біздің қолымыздан келмейді. Күзетшілер сол есерсоқтардың соңынан жүгірмейді ғой. Полицияны шақырудың да мәні жоқ — жасақ келгенше жастар арбаларын тастап, қашып үлгереді. Біз бұған қатты алаңдаулымыз. Құдай сақтасын, бірақ, жол бойында «сырғанаушыларды» машина қағып кетсе, біздің басымыз бәлеге қалады, өйткені арба біздігі ғой».

Бұл үрдіс жаз шыққалы тіпті өршіп тұр. Алдиярдың сөзін өзге дүкендердің иелері де растап отыр.