Астаналықтар әуежайдан Димаш Құдайбергенді күтіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналықтар әуежайдан Димаш Құдайбергенді күтіп алды

Астаналықтар әуежайдан Димаш Құдайбергенді күтіп алды

Бүгін отанына оралған танымал әнші Димаш Құдайбергенді тыңдармандары мен жанкүйерлері Астана әуежайынан күтіп алды.

  • 25 Сәуiр 2017
  • 2362
Фото - Caravan.kz

Күтіп алу рәсімінің видеоролигін Facebook әлеуметтік желісіне Нур Гали есімді қолданушы жүктеген.

Димаш Астанаға ұлттық киімде, бір құшақ гүлімен келді. Ол барлық тыңдармандарына қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып отыр. Әншіні күтіп алған жанкүйерлерінің қатарында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар.

Министрдің айтуынша, ертең сағат 18:30-да Астанадағы "Қазақстан" орталық клнцерт залында Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді. Келушілердің бәріне есік ашық.

Еске салайық, Димаш Құдайберген Қытайда өткен халықаралық "Singer-2017" ән байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алған болатын. Бірнеше кезең бойы топ бастап келген қазақ әншісі финалда тек жергілікті Лин Ильян есімді әншіге ғана жол берді.


Соңғы жаңалықтар