Астаналықтар бір күнде 100 тоннаға жуық қоқыс жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналықтар бір күнде 100 тоннаға жуық қоқыс жинады

Астаналықтар бір күнде 100 тоннаға жуық қоқыс жинады

Сенбі күні Астанада «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.

  • 10 Қазан 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Елорданың «жасыл белдеу» аумағында және барлық аудандарында жалпы аумағы 385 гектардан асатын саябақтар мен скверлерде қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 100 тоннаға жуық қоқыс жиналып, қала полигонына шығарылды.

Акцияға 3 600-ден астам адам, оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындар, тұрғындар, эковолонтерлер, қоғамдық ұйымдар, ұжымдар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Экологиялық шара аясында өскелең ұрпаққа арналған конкурстар, атап айтқанда армрестлинг, арқан тарту, гір көтеруден спорттық ойындар және қалдықтарды бөлек жинау тақырыбында викториналар өткізілді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.


Жалпы биыл экологиялық айлықтарға 261 мың адам және 18 мың ұйым қатысты, 6 мың тонна қоқыс жиналды. Жалпы ауданы 655,2 га болатын жерге 29 мыңнан астам ағаш отырғызылып, саябақтар мен скверлер тазартылды.

Сондай-ақ «Бірге – таза Қазақстан» экошарасы шеңберінде коммуналдық сенбіліктер жоспарланған. 15 қазанға дейін әр сенбі сайын 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу көзделген.

 

Соңғы жаңалықтар