Астананы тағы су басуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананы тағы су басуы мүмкін

Астананы тағы су басуы мүмкін

Осы аптада ұзаққа созылған жаңбырдан кейін Астананың көшелерін су басып қалды.

  • 23 Тамыз 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Астанада жұмадан жексенбіге дейін тағы да қатты жаңбыр жауады.  

"Қазгидромет" ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

"Астана қаласында 24 тамыз күні күндіз және 25 тамыз күні түнде қатты жаңбыр жауады. 24-26 тамызда найзағай ойнайды деп болжануда, 24 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 24-26 тамыз аралығында күндіз бұршақ жауады", — деп хабарлады синоптиктер.

Ақмола облысының тұрғындарын да осындай ауа райы күтіп тұр. 


Айта кетейік, апта басында Астанада бір жарым тәуліктің ішінде бір айлық жауын жауды. Салдарынан қаланың кейбір аудандарын су басып қалды. Жол телімдері жабылып, қоғамдық көліктің бағдары өзгертілді.   

Елорда әкімі Әсет Исекешев сәрсенбідегі үкімет отырысында жаңбыр суына қатысты мәселе 2019 жылы шешімін табатынын мәлімдеді.  

 

Соңғы жаңалықтар