Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді (видео)

Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді (видео)

Астана қаласында бір үйдің бес баласының өрттен көз жұмуы көпшіліктің қабырғасын қайыстырды. Бұл орайда қазақстандықтар ақша жинап, балаларынан айырылып қалған отбасыға қолдау білдіруде.

  • 5 Ақпан 2019
  • 1276
Фото - Caravan.kz

Бүгінде халықтан бір баспанаға жетерлік ақша жиналыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиұлының айтуынша, бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қайғыдан қан жұтқан отбасыға жылу ретінде ақша жиналыпты. Мейірімді жандардың арқасында бір тәулікте жиналған ақша  13 миллион теңгені құрайды.

«Бұл ақша марқұмдардың отбасына табысталады. Осы сәттен бастап шотқа ақша жинау тоқтатылады. Егер марқұмдардың отбасына көмек бергілеріңіз келсе, олардың картасына аудара аласыздар», – дейді мешіт қызметкері.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 3 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімен жүздеген адам жиналды.

Марқұмдардың анасының реквизиттері: 

Kaspi GOLD 5169 4931 5217 1321
ИИН 860806451497

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Реалии АСТАНЫ (@eto_astana_detka) on

 

Соңғы жаңалықтар