Астананың орталық саябағында аспан асты театры бой көтереді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың орталық саябағында аспан асты театры бой көтереді

Астананың орталық саябағында аспан асты театры бой көтереді

Елорданың орталық саябағында 2 мың орындық жазғы театр бой көтереді. Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Қазір онда тікелей Есіл өзені жағалауына шығатын амфитеатр салуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, сахна суда, ал көрермен залы ашық аспан астында, саябақтың ішінде орналасады. Отыратын орын саны – 2 мың», — деді ол жұма күнгі брифингте.

Әкім соңғы бес жыл бойы Қала күнінде үзбей өткізіліп жүрген «Дыбыс өзені» атты фестивальді «тамашалағысы келетіндер өте көп» екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол қалалық бақты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын тілге тиек етті.

«Бұл саябақ – қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған. Алпысыншы жылы құрылған саябақ бүгінде әбден ескірген, оны жаңартып, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасап беретін уақыт жетті. Оны жөндеп жатқанымызға биыл үшінші жыл, келесі жылдың 1-шілдесіне дейін жұмыстарды толық аяқтаймыз деп үміттенеміз», — деп қорытты ол.