"Астананың" жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салу туралы ұсыныс айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астананың" жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салу туралы ұсыныс айтылды

"Астананың" жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салу туралы ұсыныс айтылды

Қазақстан спортшысы, аралас жекпе-жек балуаны Қуат "Найман" Хамитов "Астана" футбол клубы "Селтиктен"  ойсырай ұтылған соң, елімізде футболға тыйым салуды ұсынды.

  • 17 Тамыз 2017
  • 462
Фото - Caravan.kz

Спортшы бұдан бұрында атышулы мәлімдемелер жасаған еді. Мәселен, биыл қаңтарда уақытша тіркеу туралы заңға қарсылығын білдіріп, "осы мәселемен келетіндердің көзін құртамын" деген.

"Баяғыдан айтатынмын, Қазақстанда футболға тыйым салу керек! Соған кетірген ақшаны, одан да жүрегінде рухы мен намысы, ар-абыройы бар балуандар мен боксшыларға беріңдер! Олар өз қаражатымен еліміздің намысы үшін қан төгіп, туын көтеріп жүр; 90 минут ақымақ ұқсап жүгіріп, сол үшін миллиондап ақша тауып жүрген жоқ! Оданда сол ақшаға нағыз чемпиондар шығатын ауылдарға спорт залдар салмай ма!", — деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Ол футболшыларға елдің ішінде ойнауды ғана ұсынды, мысал ретінде америкалық футболды атап өтті. Қазақтарға келер болсақ, олар, Найманның пікірінше, доп қумай, жауға шапқан.

"Бұлардың жалақысы әлем чемпионының сыйақысынан артық, өздері болса порно жұлдыздар сияқты жүр… Қазақтар доп қумаған, жауға шапқан! Аштан қырылып жатқан Афирканың өзі біздің футболшылардан артық дәрежеде ойын көрсетеді! Айтпады демеңдер, спортшының қарны тоқ, көйлегі көк болса, ешқашан жетістікке жетпейді! Чемпион болу үшін кедейлік күн кешіп, жанталасып табысқа жетуге тиіссің! Сонда бір нәтиже шығады! Ойланыңдар!", — деді Қуат Хамитов.


Бұдан бұрын хабарланғандай, шотланд клубы Астана командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтқан.

 

Соңғы жаңалықтар