Астана-Теміртау тас жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары 2016 жылы аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Теміртау тас жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары 2016 жылы аяқталады

Астана-Теміртау тас жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары 2016 жылы аяқталады

Жалпы ұзындығы 171 шақырымдық Астана-Теміртау тас жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары 2016 жылы аяқталады.

  • 25 Тамыз 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба бойынша бетон төселген төрт жолақты жол 1-санатқа өтуі тиіс.

Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешов тас жолды қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, мердігер компаниялар басшыларымен көшпелі кеңес өткізді. Жиын соңында министр жұмыс қарқыны мен сапаны бақылауды күшейтуді тапсырды.

Астана-Теміртау тас жолындағы құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған болатын. Оған 5 мердігерлік ұйым қатысып жатыр. Жол салуға 640 арнайы техника, бетон төсейтін 5 кешен мен 5 бетон зауыты, 1 мыңнан астам адам жұмылдырылған.