Жарияланды: 6400

Астарлы ақиқат бағдарламасы неліктен жабылды?

Астарлы ақиқат бағдарламасы неліктен жабылды?

Астарлы ақиқатқа биыл тура 10 жыл.«Астарлы Ақитқаттың» жаңа маусымы адам айтса нанғысыз тақырыптармен басталған еді. "Әкемнен аулақ", "Ем іздеген егіздер", "Аманатқа қиянат", т.б. Соңғы бағдарламада Дина Төлепберген атқарылған жұмыстарын таныстырып, халыққа шенеуніктер сияқты есеп берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Сылдыр сөз, құрғақ уәде емес, шынайы көрсетілген көмектер мен бағдарламадан кейін енген өзгерістері көп "Астарлы ақиқат" бағдарламасы енді эфирге шықпайды ма? 

Осы уақытқа дейін 115 бағдарлама көрсетілді, 345 кейіпкер, 630 сарапшы болды.

Дина ТӨЛЕПБЕРГЕН: "Осымен бітті ме? Бітпеді ме? белгісіз. Бірақ, мына орында кім тұрса да болмыс, бұқпасыз, боямасыз баяндалсын. Мен сіздермен қоштасамын, сау болыңыздар"

Бағдарлама жүрегі Дина Төлепбергеннің бұлай қоштасуы көрерменнің жүрегін сыздатқан сыңайлы.

"Неге енді көрсетілмейдІ?", "Бәрі жабылып шынайы бағдарламаны құртты ғой", "Дина басқа бағдарлама ашыңызшы","қазақтар шынайылықты сүймейді, ең мықты журналист, ең шынайы журналист, тамаш абағдарлама еді соңында жауып тынды ма?", "Сөзім жоқ", Астарлы ақиқат біраз нәрсенің шешімін тапқан бағдарлама еді, шіркін" -деген желі қолданушылары қимастық хатын жолдап қала берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін