"Астарлы ақиқат" бағдарламасындағы кейіпкерлер актер ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астарлы ақиқат" бағдарламасындағы кейіпкерлер актер ме?

"Астарлы ақиқат" бағдарламасындағы кейіпкерлер актер ме?

"Астарлы ақиқаттағы кейіпкерлер актер ме?"

  • 30 Мамыр 2019
  • 1886
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Астарлы ақиқат" бағдарламасының тележүргізушісі Дина Төлепбергенге қойылатын сұрақтардың бірі "Астарлы ақиқаттағы кейіпкерлер актер ме?". 

Расымен актер ме, әлде, өмірдегі адамдар ма? Тележүргізушінің жауабы төмендегідей болды. 

"Кейде халық менен сұрайды : "Астарлы ақиқаттағы кейіпкерлер актер ме?" деп. Бұл сауалды естігенде менің ашуым шығады. Өйткені сіз көрген кейіпкерлердің бәрі — шын адам, шын тағдыр. Әттең, тек осы жолы ғана мен де "осының бәрі өтірік болса ғой" деп тіледім. Бірақ олай емес…"

Бүгін, яғни, бейсенбі күнгі бағдарламаның тақырыбы: 

ТАСТАМАШЫ, АНАШЫМ!

Тағдырын талқан еткен сайтан сыра ананы санадан да адастырайын дегендей. Қапиза Шумаева туған балаларынан бас тартып отыр.

БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ АНАДА, АНАНЫҢ КӨҢІЛІ ДАЛАДА

Үш еркектен тапқан үш баланың тұрмыс жағдайы жан шошытады. 8 жастағы қызы мектеп табалдырығын әлі аттамаған да…
Бөбектердің бұлайша қиналғанынша, шынында-ақ, балалар үйінде болғаны жақсы ма дейсің еріксіз… Бірақ ананың аялы алақанынының жылуын сезбеген бала бақытты бола ма? 
Қапизаны біз райынан қайтара аламыз ба?, деп жазды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dina Tólepbergen (@dina_tolepbergen) on

 

Соңғы жаңалықтар