Жарияланды: 480

Асыл тұқымды мал зауыттарын аттестациялау мен ветпрепараттарды лицензиялау функциялары АШМ-ға берілуі мүмкін

Асыл тұқымды мал зауыттарын аттестациялау функциялары ауыл шаруашылығы министрлігіне берілуі мүмкін, деп мәлім етті ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков.

«Депутаттар жергілікті жерлерде селекция мен генетика мәселелерінде білікті, ветпрепараттардың өндірісі туралы білетін мамандардың жоқтығына байланысты асыл тұқымды мал зауыттарын, шаруашылықтарды және асыл тұқымды мал өсіру орталықтарын аттестациялау, сондай-ақ, ветеринарлық препараттардың өндірісін лицензиялау функцияларын жергілікті атқарушы органдардан өкілетті органға беруді ұсынды», -дедіА. Мамытбеков сейсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте. Ол бұл жаңалық «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға түзетулер енгізуді қарастыратынын, ол түзетулер мәжіліске енгізілгенін еске салды. Сондай-ақ, заң жобасы «асыл тұқымды шаруашылық мәртебесінен асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесіне ауыстыруды, малдың генетикалық құндылығын бағалаудың жаңа әдістерін енгізуді (индексті бағалай, геномдық сараптама) және кейбір функцияларды қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға беру арқылы мемлекеттік органдардың будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмысын реттеуге ықпалын төмендетуді» қарастырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін