"Асылып тұрған ремень оны өлі күйінде тапқан сарбаздың белдігі болып шықты": Бибігүл Рамазан аузынан еркектің шәуеті табылған сарбаз туралы тағы тың деректерді жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асылып тұрған ремень оны өлі күйінде тапқан сарбаздың белдігі болып шықты": Бибігүл Рамазан аузынан еркектің шәуеті табылған сарбаз туралы тағы тың деректерді жария етті

"Асылып тұрған ремень оны өлі күйінде тапқан сарбаздың белдігі болып шықты": Бибігүл Рамазан аузынан еркектің шәуеті табылған сарбаз туралы тағы тың деректерді жария етті

Қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Жамбыл облысындағы Шөлдала бекетінде өзіне қол салған Мираш Бекбол туралы тағы бір шындықтың бетін ашты.

  • 31 Қаңтар 2023
  • 5547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тездетші, қысылып тұрмын": Бибігүл Рамазан өзіне қол салған сарбаз туралы ешкім айтпаған мәліметтерді жария етті

"Әскердегі сарбаз өлімін қоймай жазып келемін. Соның ішінде 22 сәуір Қалбай Әлібек пен 19 тамыз Мираш Бекбол. Екі сарбаздың да ісінде тергеушілер істі бұрмалауда!

ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК мені қорғаныс министрлігі парақшасы блоктады, енді міне бүгін бас әскери прокуратура да блоктапты. Енді генпрокуратураны белгілемесем.

Мираш Бекболдың ісі туралы тағы тың дерек жазайын деп отырмын, бұл сарбаз атқорада суицид жасап тұрды деді ғой деректер, ременьге асылып тұрды. Енді ол ремень өзінікі емес, қасындағы сарбаздың ремені. Енді тергеушілер бұл жәйтқа да мән бермей отыр. Неге басқа біреудің ремені? Және Мираш Бекболлы тауып алған сарбаздың ремені. Бұл жәйтты қалай ойлайсыз? Неге қасындағы сарбаздың ремені? Ол сарбаз ременсіз қалай жүрді екен? Шалбары түсіп кетпейді ме?

17 тамыздан 18 тамызға қараған түні не болды?


Олар ішімдік ішкен, шекарашылар күнін тойлаған, содан кейін 19 тамыз Мираш Бекбол суицид жасады. Өз ремені емес басқа сарбаздың ременімен. 

Біз үндемесек Военно следственный управление істі бұрмалап бір сержантты қамап қойып, сексуалдық зорлық-зомбыдықты тіпті айтпайын деп отыр. Менің басымдағы деректер жантүршігерлік! Енді әділдік талап етеміз! Біз әскердегі бассыздықты бүгін тоқтатпасақ, ертең тағы біреудің көз жасына қалады бұл қанішерлер!

Ps: төмендегі скринде Мираш Бекбол конюшняда асылып тұрған жерінен тауып алған Мирас Жолмамбетов деген еді ғой. Енді Ремень сол сарбаздыкі екен. Әскерде болған ер азаматтар өз ойын жазып кетсін, әркімнің өз ремені болады ғой, оны әр жерге шешіп кетуге болады ма?

Ps:басқа біреудің ремені яғни Мирастың ремені екенін Пралиев айтқаннан бері шошып не ойларымды білмей жүрмін", — деп жазды Бибігүл Рамазан.

Соңғы жаңалықтар