"Асып-тасып той жасайсыздар, қарапайым халық кредитте отыр": Немересінің бір жасына ұлан-асыр той жасаған Айнұр Тұрсынбаева желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асып-тасып той жасайсыздар, қарапайым халық кредитте отыр": Немересінің бір жасына ұлан-асыр той жасаған Айнұр Тұрсынбаева желіні шулатты

"Асып-тасып той жасайсыздар, қарапайым халық кредитте отыр": Немересінің бір жасына ұлан-асыр той жасаған Айнұр Тұрсынбаева желіні шулатты

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның немересі бір жасқа болды.

  • 18 Маусым
  • 57
Фото - Caravan.kz

Ақын жалғыз немересінің туған күніне аста төк той жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айнұр Тұрсынбаева тұңғыш немересі Әлемнің туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойлаған.

«Алеміме жаудырып жатқан тілектеріңізді осы видео астынан оқимын. 3 адамға тойдан шашу жіберемін», — деп жазған ақын желідегі парақшасында.

Десе де көпшіліктің аталған тойға қатысты пікірі қақ жарылған. Олардың бірі тойға қатысты жылы пікірлерін жаудырса, енді бірі тым қымбат той жасап қажет еместігін айтқан.

«Астамшылдық, сонша тойлатып не болды?», «Қазақтың жартысы кредитте отыр, сіздерде жағдай бар, әрине әркім өз көрпесіне қарап көсіледі, бірақ бір жас тойды үйде де жасауға болатын сияқты. Кредитке той жасауға үгіттеп отырсыз, осы әрекетіңізбен», «Бай болсаң осындай бол» деп жазуда олар.