Ата тегін «Айфон» етіп өзгерткен адамға су тегін iPhone 7 беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата тегін «Айфон» етіп өзгерткен адамға су тегін iPhone 7 беріледі

Ата тегін «Айфон» етіп өзгерткен адамға су тегін iPhone 7 беріледі

Украинадағы дүкендердің бірі небәрі 1 гривнаға (шамамен 13 теңге) су жаңа жетінші «айфон» сататынын айтып, жер-жаһанды шулатты.

  • 18 Қазан 2016
  • 536
Фото - Caravan.kz


Бірақ, бұл жеңілдіктің жауапкершілігі зор болып шықты. Себебі әлемдегі гаджетқұмарлардың түн ұйқысын бұзған смартфонды бұл дүкеннен алу үшін адам өзінің төлқұжатындағы аты мен ата тегін «Сим Айфон» деп өзгертуі тиіс екен.  Бұл өзгерісті дәлелдеу үшін ол аты-жөні өзгертілген төлқұжатын осы шараны ұйымдастырушыларға апарып көрсетуі керек.  «Айфонға» бола тегін өзгерткен алғашқы бес адам анықталған кезде, шара аяқталып, жеңімпаздар өздері армандаған осы гаджетті ұйымдастырушыдан алып кете алады, деп жазады informing.ru.

 

Соңғы жаңалықтар