Ата-аналар орыс тілі оқулығындағы "лайкать" және "пиарить" деген сөздері үшін шағымдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-аналар орыс тілі оқулығындағы "лайкать" және "пиарить" деген сөздері үшін шағымдануда

Ата-аналар орыс тілі оқулығындағы "лайкать" және "пиарить" деген сөздері үшін шағымдануда

"Мой город" порталының жазуынша, балаларға берілген орыс тілі оқулығы Орал қаласының ата-аналарына ұнамсыз жағдай тудырды.

  • 18 Тамыз 2017
  • 267
Фото - Caravan.kz

Себебі, бесінші сынып оқулығында «Желілік этикет», «Армандағы көлік», «Автокөлік  жарнамасы» атты тақырып аясында «пиарить подкаст через соцсети», «лайкать в соцсетях», «эмотиконы» деген тіркестер кездеседі. Сөз қорындағы мұндай жаңашылдықтар оралдық оқушылардың ата-аналарына жағымсыз түрде таң қалдырды. Олардың ойынша, мұндай сөздердің орыс тіліне тіптен де қатысы жоқ. Оқулық авторлары – Клокова, Белозёрова, Ибраева, Сүлейменова, Мұханбетқалиев, Қасымова және Опря. 

Оған қоса, ата-аналар, орыс тілінен бағалау жүйесі мүлде болмайтынына шағымданды. Сынақтан өтуі үшін, бесінші сынып оқушысына тапсырманың 40% дұрыс орындалса жеткілікті болып есептеледі.  

Оқушылардың бірінің анасы: "Қалайша біздің балалар мұндай оқулықтармен сауатты бола алады? Менің ойымша, осы тәрізді оқулықтар біздің оқушылар үшін зиянды деп есептеймін",- деді.


Айта кетер жайт, жаңа оқу жылында екінші, бесінші және жетінші сынып оқушылары мазмұны жаңартылған оқулықтарға ие болады.  

 

Соңғы жаңалықтар