Ата-анасынан ерте айырылған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анасынан ерте айырылған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап қалды

Ата-анасынан ерте айырылған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап қалды

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова “Қыздар-ай” бағдарламасында өмірден өткен ата-анасын еске алып, жан сырын ақтарды.

  • 2 Мамыр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Бақытсызбын деп айтуға хақым жоқ. Бірақ 13 жасымда анамнан қалдым. Анам 45 жаста еді. Ең үлкен орны толмас өкіншім сол. Кейде рахаттанып күліп жатқан кезде ойыма түсіп кетеді, жүрегің жылап тұрады. Анасы бар адамдарға қызығамын және ол кісілерге ұзақ ғұмыр тілеймін. Мен сияқты ешкім жыламаса екен деймін. Бұл көз жасым мен 100-ге толсам да тоқтамайды. Жүрегімдегі бітеу жара. Әкем де өмірден ерте кетті. Мен ол кезде 24 жаста едім. Анам көрмеген қызықты әкеміз көреді-ау дегенде дүниеден озды. Бізді шалқып жүргенімізді, әдемі үй алғанымызды, Тұрсынбектің атақты болғанын көре алмай кетті”, – дейді Мөлдір Мұқанова көз жасына ерік беріп.

Сондай-ақ ол ата-анасына бауырлары үшін шексіз разы екенін де айтып қалды. 


“Мен “көп бала туған дұрыс емес” деген пікірмен келіспеймін. Әке-шешеме бауырларым үшін сансыз алғыс айтамын. Алты бауырды бір-бірімізге пана болсын деп қалдырып кетті. Әкем көзі тірісінде: “Мен қанша ағайындарды көрдім, бірақ сендердей бауырмашыл ағайындарды көрмедім. Менің берген тәрбием деп айтпаймын” деп жылайтын”, – дейді Мөлдір әкесін еске алып.

Соңғы жаңалықтар