Атамбаев АӨСШК саммитінде азиялық аумақтағы жағдайды сөз етпек - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаев АӨСШК саммитінде азиялық аумақтағы жағдайды сөз етпек

Атамбаев АӨСШК саммитінде азиялық аумақтағы жағдайды сөз етпек

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 21-мамыр күні өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесте (АӨСШК) азиялық аумақтағы жағдайды сөз етпек,

  • 20 Мамыр 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді Қырғызстан СІМ министрі Эрлан Абдылдаев.

"Біздің аймақта президент айтатындай мәселелер бар, оларды бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешу керек", деді Э.Абдылдаев журналистерге.

Э.Абдылдаевтың айтуынша, Қырғызстан президенті орталық-азиялық аумақтағы жағдайды да сөз етпек.

Ол жиналыста Украинадағы жағдайға қатысты мәселелердің де қозғалуы ықтимал екендігін жоққа шығарған жоқ.


Э.Абдылдаев еске салып өткендей, Қырғызстан Украина алдына шыққан мәселелерді украиналық халықтың өзі шешуге тиіс, деген ұстанымда.