Атамбаев: Қырғызстан халқы үш күндік қоршаудан ешқашан қорықпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаев: Қырғызстан халқы үш күндік қоршаудан ешқашан қорықпайды

Атамбаев: Қырғызстан халқы үш күндік қоршаудан ешқашан қорықпайды

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанмен арадағы шекарада орын алған жағдай туралы өз пікірін білдірді.

  • 13 Қазан 2017
  • 403
Фото - Caravan.kz

Президент сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, Атамбаев жұма күні қырғыз әскерилеріне арналған көппәтерлі үйлердің ашылу салтанатына қатысқан. Саясаткер соңғы бірнеше күнде Талас, Ош, Жалал-Абад облыстарында жұмыс сапарымен болғанын айтып берді.

"Осы үш күн ішінде мен қырғыз-қазақ шекарасында болып жатқан жағдайларды бақылап отырмын. Ол жерде Еуразиялық экономикалық одақтың барлық нормалары мен келісімдері бұзылып жатты. Біздің халық көп қиындықты басынан кешірді. Қырғыз жазуының үш мыңжылдық тарихы бар, яғни біздің халқымыздың тарихы да осындай уақытқа созылады. Үш мыңжылдық тарихы бар халық ешқашан үш күндік қоршау қорқыта алмайды, ешқандай қысым, ақша, қорқыту әрекеттерінің салдарынан шетелдің қалаған "адамдарын" сайламайды, —деді Атамбаев салтанатты жиын кезінде.

"Біз 2010 жылы не көрмедік – бір жарым ай қоршауда болды, адамдардың қиналғанын да көрдік, сондықтан қазіргі заңсыздықты да жеңіп шығамыз. Бірақ біз өз тәуелсіздігімізді қорғап қаламыз. Өкінішке орай, біз елімізге шетелдік әскердің басып кіруінен ғана емес, Қырғызстанға президент ретінде шетелдің "таңдаған" адамын таңу арқылы да өз тәуелсіздігімізден айрылып қалуымыз мүмкін екенін көріп отырмыз. Мұндайға жол берілмейді! Менің білуімше, ешқашан мұндай жағдай орнамайды!", — деп қосты Атамбаев. 

"Егер кімде кім өз көршісінің үйін өртегісі келсе, желдің бағыты өзгеріп, өз үйін де өрт шалуы мүмкін екен есте сақтау керек. Біз сияқты көршілес елдерге бейбіт қарым-қатынаста, достықта өмір сүріп, бір-бірімізге көмектесу қажет. Қазақстанда болған аштық кезінде жүз мыңдаған қазақ соңғы нанымен бөліскен біздің халқымыздың арқасында тірі қалды", — деп жалғастырды өз сөзін президент. 


Атамбаев қырғыз халқын ақша сатып алуға немесе қорқытуға болады дегендер қателесетінін айтып өтті.

"Қырғыз халқы ешқашан тізе бүккен емес, тізе бүкпейді де", — деді мемлекет басшысы.

Атамбаев тәуелсіз Қырғызстан өзінің болашаққа бағыттаған түзу жолымен жүре беретінін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар