Жарияланды: 30

Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті

Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті

Раиса Атамбаева ҰҚК тергеу изоляторында қамауға алынған жұбайымен, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

Бұл туралы адвокат Сергей Слесарев хабарлады. Бұған дейін әйел тергеушіге күйеуімен кездесуді сұраған. Өтінін қанағаттандырылдыы.

Қорғаушының сөзіне қарағанда, басқа туыстар мұндай тілек білдірмеген. Сергей Слесарев ерлі-зайыптылардың әңгімелесу тақырыбын және олардың кездесудің ұзақтығын білмейтінін атап өтті.

«Бірақ менің қорғауымдағы адамым қамауда ұстау жағдайлары қанағаттанарлық деп санайды. Маған қосымша өтініштер айтқан жоқ», - деді адвокат.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев Қой-Таш ауылында орналасқан резиденциясында екінші шабуыл кезінде ұсталған болатын. Бұл 8 тамызда болды. Осыдан бір күн бұрын жасалған алғашқы әрекет оң нәтиже бермеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін