Атамбаевтың Қазақстан билігін айыптауына байланысты Сыртқы істер министрлігі келіспеушілік білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаевтың Қазақстан билігін айыптауына байланысты Сыртқы істер министрлігі келіспеушілік білдірді

Атамбаевтың Қазақстан билігін айыптауына байланысты Сыртқы істер министрлігі келіспеушілік білдірді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанның қырғыз елінің ішкі істеріне араласуы туралы айтқан пікіріне қатысты келіспеушілік білдірді.

  • 8 Қазан 2017
  • 421
Фото - Caravan.kz

Атамбаев Қазақстан билігін 15 қазанда өтетін Президент сайлауы процесіне араласуына қатысты айыптады, деп хабарлайды Sputnik.

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін алдағы болатын сайлауға ықпал етуіне қатысты айыптап, тиісті шаралар қабылдау ескерту жасады.

Сенбі күні Қырғызстанның мемлекеттік марапаттарын табыстау салтанатында Алмазбек Атамбаев, Қазақстанның ықпалына қарамастан елде әділетті сайлау өткізуді көздейтінін мәлімдеді.

“Мен қазақстандық биліктің өз үміткерін неліктен таңып отырғанын түсінемін. Олар Бакиевті жақсы көреді (Қырғызстанның бұрынғы президенті). Бакиевтар әлі күнге дейін Қазақстанда мерекелер өткізеді”, — деді Алмазбек Атамбаев.

“Қазақстанның ішкі өнімі Қырғызстан экономикасынан 20 есе көп. Орта есеппен Қазақстанның әр азаматына 10 есеге көп келеді. Бірақ неше бұл елде зейнетақы бізбен салыстырғанда 1,5 есеге аз? Тарифтер не себепті 5 есеге қымбат?”, – деді Атамбаев.

“Біз Қырғызстан президенттігіне сайлау алды кезеңіндегі бұл тәрізді арандатушылық мәлімдемелер екі елдің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа өз кесірін тигізбейтініне сенімділік білдіреміз “, — делінген СІМ хабарламасында.


Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынасты дамыту бағытын ұстанатыны да ерекше атап өтілді.

Атамбаевтың президенттік мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады. Конституцияға сәйкес Атамбаев қайта сайлауға түсе алмайды. Атамбаевтың орнын басушы деп саналатын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясынан сайлауға түсетін үміткер Сооронбай Жәнібековтың негізгі қарсыласы 19 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен елдің экс-премьері Өмірбек Бабанов. Осы кездесуден кейін Қырғызстан СІМ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қарсылық нотасын жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар