"Атамекен" жаңа заңдардың қабылдануына байланысты кәсіпкерлердің шегетін шығындарын есептеу әдістемесін жасауды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атамекен" жаңа заңдардың қабылдануына байланысты кәсіпкерлердің шегетін шығындарын есептеу әдістемесін жасауды талап етуде

"Атамекен" жаңа заңдардың қабылдануына байланысты кәсіпкерлердің шегетін шығындарын есептеу әдістемесін жасауды талап етуде

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы жаңа заңдардың қабылдануына байланысты кәсіпкерлердің шегетін шығындарын есептеу әдістемесін жасауды талап етуде. Бұл туралы бүгін Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Елена Никитинская үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Тамыз 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Түрлі заңнамалық актілердің қабылдануына байланысты кәсіпкерлердің шегетін шығындарын есептеу әдістемесі жасалғанын қалаймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңда осындай норма бар. Бірақ, осындай есеппен ұсынылған бір де заңнамалық акт болып көрген емес. Іс жүзінде біз кез-келген заңнамалық актіге қарсы дау айтуға болатын заңсыз жағдайды тудырып отырмыз, өйткені, заң жобасына қатысты осындай есептер жасалмайды. Елімізде осындай әдістеме жоқ», -деді «Атамекен» өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар