Жарияланды: 2000

"Атаңа нәлет террористер, атаңа нәлет қылмыскер, кім атты?": Алматыда өрімдей жігіт тапа-тал түсте оққа ұшты

"Атаңа нәлет террористер, атаңа нәлет қылмыскер, кім атты?": Алматыда өрімдей жігіт тапа-тал түсте оққа ұшты

Алматыда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде алаңға жақын маңнан өтіп бара жатқан жас жігіт белгісіз жағдайда оққа ұшты.

Бұл туралы Ардақ Тұрысбай желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Досымның бауырын атып кетті...

Қай тұсын жазсам, арандап қалмаймын, қай жағынан келсем, саясиландырып алмаймын, қайткенде абайлап басамын, әр деталі нәзік...

Бірдеңе деу қиын қазір, мина көмілген алқапта жүргендейсің, айтпасқа тағы болмайды ...

7 қаңтар күні (қала барынша тынышталған кез) тапа-тал түсте сағат 13:00-дерде оққа ұшты. Желтоқсан көшесімен жоғары кетіп бара жатқан, Тимирязевтің қиылысымен солға бұрылғанда. Оң жағы жабық болған. Тимирязевқа жетпей, Желтоқсан-Сәтбаевтың сол жағы жабық, мұздай қаруланған әскер, танк де бар, алаңды күзетіп тұрған. Сол маңда Сәтбаевтан жоғары Алматы акиматы, президенттің Алматыдағы резиденциясы орналасқан. Бәрі қарулы күзетте(әлгі шет елден алдырған, көмекке келген қарулылар күзетіп тұрған болу керек). Бұл маңда күндіз террористер жүруі мүмкін бе? (Атаңа нәлет террористер, атаңа нәлет қылмыскер...). Болмаса кім атты...?",- деп жазды ол.

Мәліметтерге қарағанда бұл сәтте жолда бірнеше көлік кетіп бара жатқан. Белгісіз тұстан атылған оқ әлгі көліктердің бәріне тиген. Ондағы адамдардың тағдыры белгісіз.Ал күндіз кімдердің оқ жаудырғаны белгісіз күйде қалған.

"Дос баласының машинасымен, екеуі ғана бір машинада. Қатарынан кетіп бара жатқан 5-6 машинаның бәріне сол қанаттан белгісіз жерден оқ жаудырған. Кім, қайдан атып жатқанын ешкім білмейді досының айтуынша, тек оқ бораған. Екеуі көліктен түсіп, жоғары қашып бара жатқанда балаға оқ тиеді. Басқа машиналарда да солай, қашып жатқандар, құлап жатқандар.. Досы оны арқалап, жолдың оң жағына өткізіп, машина тосып, больницаға апарады, онда ота жасалғанымен, өкінішке орай ажалдан арашалап қала алмады", деп жазды автор.

Желідегі жазбаға қарағанда, марқұм болған жігіт қалыңдығын ата-анасына таныстырып, үйніне шығарып салып келе жатқан көрінеді.Өрімдей жігіттің өліміне кім кінәлі деп, сауал тастады Ардақ Тұрысбай. 

Еске салсақ, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскерилер мен тәртіп сақшылары және бейбіт тұрғындар зардап шекті. Ал, бүлкішілер арасында террористер болғаны мәлім болды. Бір ғана Алматы қаласына 20 мыңдай лаңкес шабуыл жасаған.Олар әкімшілік ғимараттарды қиратып, дүкендерді тонады, өртеді. Президет Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарға дейін елде төтенше жағдай жариялады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін