Атақты актриса Бардо мыңғырған малды екі күнде жоқ қылатын Непал дәстүріне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты актриса Бардо мыңғырған малды екі күнде жоқ қылатын Непал дәстүріне қарсы шықты

Атақты актриса Бардо мыңғырған малды екі күнде жоқ қылатын Непал дәстүріне қарсы шықты

Францияның бұрынғы кино жұлдызы Брижит Бардо Непалдағы құрбан шалу фестивалінде малдарды қасап қылуға қарсы шығып, елдің президентіне хат жазды, деп хабарлады ВВС. 

  • 11 Қараша 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz


Непалдың Үндістанға жақын жердегі Барияпур ауылында 5 жылда бір рет үндістер «билік құдайы» Гадхимаиға он мыңдаған мал соятын дәстүрі бар. Жергілікті биліктің осыдан бірнеше жыл бұрын шектеу салғанына қарамастан, көптеген адамдар Үндістаннан Непалға осы фестиваль үшін арнайы келеді. 

«Екі күн ішінде 250 мың буйвол, ешкі, қой, шошқа, тауық, көгершін, үйрек, тышқандарды сойғанда жер ана дір етіп, тітіркенеді», деп жазған Бардо хатында.

Француз киносының аңызы болған актриса Непал билігіне Үндістаннан үлгі алуға шақырды. Үндістан бұл дәстүрге әлдеқашан тыйым салған.
Бардо негізін салған қор қызметкерлерінің айтуынша, актриса бұған дейін де 2009 жылы Непал билігіне хат жазған, бірақ ешқандай нәтиже шықпапты.