Атақты «Атлетиконың» футболшылары Астананың аязы туралы бейнеролик түсірді
Бірер минуттардан кейін күллі елдің назары «Астана Арена» стадионына ауады! Себебі «Астана» клубы УЕФА чемпиондар лигасы аясында Испанияның атақты «Атлетико»-сын қабылдайды. |
Қос команда да күні бойы соңғы дайындықтарын пысықтаған болатын. Тіпті, «Атлетико» ойыншылары Астананың суық ауа-райында жаттығу жасағандарын бейнероликке түсіріп ғаламторға таратып үлгеріпті. Ал,қазір сүйікті командасына қолдау білдіру үшін стадионға 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып жатыр. Бұл кездесу қарымта матч. Елордалық футболшылар тура 2 апта бұрын осы «Атлетико»-мен Мадридте кездескен. Бірақ негізгі ойыншылар елімізде қалып қойғандықтан 4:0 есебімен жеңілген «Астана» енді бүгін өз алаңында негізгі құраммен шығады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін