Атақты домбырашы Шамғон Қажығалиев дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты домбырашы Шамғон Қажығалиев дүниеден озды

Атақты домбырашы Шамғон Қажығалиев дүниеден озды

Қазақ өнері тағы бір ірі тұлғасынан айырылды! 88 жасқа қараған шағында қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері, домбырашы, КСРО және Қазақстан Халық әртісі - Шамғон Қажығалиев дүниеден озды. Қазаға орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбев та марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады. 

  • 5 Мамыр 2015
  • 1273
Фото - Caravan.kz

Шамғон Сағаддинұлы 1927 жылы 15 маусымда Бөкей ордасына қарасты Ұялы аулында дүниеге келген. Әке-шешесі дүниеден ерте озып, бала Шамғон жетімдер үйінде өскен. Жастайынан қара домбыраға ауған әуестігі оны 50-ші жылыАлматыға жетелеп Құрманғазы атындағы консерваторияға түсірген. Халық аспаптары сыныбында оқып опера-симфония дирижері мамандығын игерген. Еңбек жолын оркестрде домбырашы болып бастағанымен, кейін дирижерлікке түбегейлі бет бұрды. 88-ші жылы Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрі осы кісінің жетекшілігімен құрылған. Дирижермен қоштасу рәсімі ертең Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында таңғы сағат 9-да басталады.

Меруерт Қ
аленбаева, қобызшы, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

— Енді біз Шәкеңді айтқанда Құрманғазы оркестрін міндетті түрде қосып айтамыз. Ол — Құрманғазы оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры болып тұрған кезінде оркестр үлкен-үлкен жетістіктерге жетті.Өте қатты қайғырамын. Өз басым, біздің консерватория. Осындай үлкен, ұлы музыкантты жоғалтқанымызға