Әлеуметтік желілерде әншінің жақын достары Кети Топурия, Алсу, Полина Гагарина, Мейрамбек Беспаев және тағы басқалар көңіл айтып жаза бастады. "Батыр, сен біздің жүрегімізде мәңгі қаласың!" , — деп жазыпты Алсу.
Ал, wikipedia.org сайты әнішінің қаза тапқан уақыты 28 сәуір 2015 жыл Мәскеу қаласы деп жазды.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Қызмет жолын Роза Рымбаеваның концерттік ұжымында саксафоншы болып бастаған. 1988 жылы Батырхан достарымен бірге А'Студио тобын құрып, бір жыл ішінде Джулия әнімен аты шыққан болатын.
Бүкіл ТМД елдеріне Алла Пугачеваның Рождестволық кештерінде ән шырқауымен танымал болды.
Батырхан Шүкенов БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСЕФ-тің Ізгілік елшісі қызметін атқарды.
Батырхан қазақстандық балалар үшін көп игі істер атқарып жүрді. ЮНИСЕФ өкілінің айтуынша, Б.Шүкенов — тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы алғашқы Ізгілік елшісі. Құрметті іске кірісерден бұрын Батырхан: «бүгін мен үшін өте толғанысты күн. Мен өзімнің кәсіби қызметімді жаңа игі қызметпен қоса атқаратын боламын және бұл маған үлкен жауапкершілік жүктеп отыр», — деген болатын.
Бүгінде әлемде ЮНИСЕФ-тің 200-ге жуық ізгілік елшілері бар, олардың қатарында Дэвид Бэкхем, Робби Уильямс, Рикки Мартин, Джеки Чан, Шакира, Роджер Федерер, Клаудия Шифер, Анатолий Карпов сияқты танымал тұлғалар бар.
Батырхан Шүкенов 2000 жылы А'Студио тобынан кетіп, өзі жеке ән сала бастаған.
Биылдан бастап ресейлік атақты "Один в один" телешоуына қатысып жүрген болатын.
Gazeta.kz жаңалықтар порталының ұжымы Батырхан Шүкеновтың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтады.
Батырхан Шүкеновтің 2013 жылы Алматыдағы Республика сарайында берген мерейтойлық концерті.
