Атақты режиссердің киносы біздің елге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты режиссердің киносы біздің елге жетті

Атақты режиссердің киносы біздің елге жетті

Атақты режиссер Скотт Дерриксонның «Бізді жыннан құтқара гөр» атты қорқынышты фильмі біздің елге де жетті. Мистикалық триллер жанрындағы туынды адамдардың ішіне енген жын-шайтандар жайында. Оларды аластатып, қаланы құтқару тәртіп сақшысы Сарчи мен шіркеу қызметкеріне жүктеледі. Керемет кинокартинаны елімізге таратушы – «Меломен» компаниясы.

  • 29 Тамыз 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz

Қараңғыда отырып қорқынышты фильм көруді ұнататындар үшін жағымды жаңалық. Еліміздің барлық кинотеатрларында «Бізді жыннан құтқара гөр» деген кинотуынды көрсетіле бастады.

Мистикалық трейлер жанрындағы фильмнің желісі бойынша полиция қызметкері Сарчи мен оның серігі Батлертүнгі кезекшілігі барысында күтпеген жәйттерге тап болады. Олар бұрын-соңды мұндайды көрмеген.

Істі тергеу барысында бас кейіпкер шіркеу қызметкерінің көмегімен адамдардың бойына жын-шайтан енгенін анықтайды. Оларды аластатып, қала тұрғындарын құтқару Сарчиге қиын соғады. Себебі, оның кішкентай қызына да жындар қауіп төндіреді.

Көргенде зәрені алатын кинотуындыны елімізге таратушы «Меломен» компаниясы екенін айта кетейік. Ондағылар бұның керемет фильм екеніне сенімді.


Нариман Әбиев, «Меломен» компаниясының жетекші маманы:

— Фильм өте қорқынышты әрі қызықты. Сапасы, дыбысы бәрі керемет. Көрсеңіз әсері ұзаққа сақталары сөзсіз. 

Жаңа үрейлі фильм осы жаздың ең қорқынышты кинокартинасы болмақ. Сондықтан оны 16 жастан асқандар ғана көре алады.