Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың соңында аяқталуы тиіс - ҚР президенті
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың соңында аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда Пекинде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі. |
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тартуға алдағы екі айда кірісе бастайды. Мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1 мың шақырымды, жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. долларды құрайды. Бастапқы кезеңде мұнай құбыры жылына 10 млн. тонна мұнай тасымалдау қуатына ие болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту туралы келісімге Қытай және Қазақстан мемлекет басшылары кеше, 17-мамырда қол қойған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін