Атасы мен немересі эскалатордан құлап қаза болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атасы мен немересі эскалатордан құлап қаза болды (ВИДЕО)

Атасы мен немересі эскалатордан құлап қаза болды (ВИДЕО)

Өзбекстанда 53 жастағы ер адам мен оның үш жасар немересі сауда орталығының төртінші қабатындағы эскалатордан құлап кетті.

  • 21 Ақпан 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза болды, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер балаға жабық ми жарақаты, ми жарақаты, жамбас сүйегі сынған, оң жақ өкпенің контузиясы, маңдай аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы деген диагноз қойды. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр

Елді дүрліктірген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.


Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

Видео осы сілтемеде:  https://www.youtube.com/watch?v=JxlJLC2e4eI

Соңғы жаңалықтар