"АТФБанк" АҚ 2004-жылғы сәуір айының орта шенінде 150 млн. долларға бағаланған тұңғыш еурооблигацияларын халықаралық рынокқа шығармақшы
"АТФБанк" АҚ 2004-жылғы сәуір айының орта шенінде 100-150 млн. доллар аралығында бағаланған 3-7 жылдық тұңғыш еурооблигацияларын халықаралық рынокқа шығаруға талпыныс жасайды. Бұл туралы бүгін, 12-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "АТФБанк" АҚ басқармаларының төрағасы Тимур Исатаев хабарлады. |
"Бұл жолы Голландияның ING қаржылық тобы бізге жетекші басқарушылық ролін атқарады,- деп мәлімдеген Т.Исатаевтың айтуынша, "қандай мерзімді облигацияның табысты болатынын рынок көрсетеді".
"Компанияның еурооблигацияларын Оңтүстік-шығыс Азия, Еуропа және Ресейдің капитал рыногында белсенді саудалауды көздеп отырмыз",- деді Т.Исатаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін