Атом электр станциясы 10 жылдан соң іске қосылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атом электр станциясы 10 жылдан соң іске қосылуы мүмкін

Атом электр станциясы 10 жылдан соң іске қосылуы мүмкін

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы 10 жылдан кейін іске қосылуы мүмкін. Оны салуға ресейліктер жәрдемдеспек. Тиісті келісімге өткен аптада ғана Астанада қол қойылған болатын. Ал станцияда жұмыс істейтін білікті мамандарды әзірлеуге Жапония үкіметі дайын.

  • 5 Маусым 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Елімізде осындай станцияларды салу үшін шығыстағы Курчатов қаласының маңы таңдалған. Жергілікті ғалымдармен 20 жылдан бері байланыс орнатқан күншығыс елінің өкілдері де бұл жобадан шет қалмақ емес. Семей сынақ полигонының зардабын жоюға атсалысқан жапондық ғалымдар  жиған-терген тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз деп отыр. Жапонияда бүгінде 50-ден астам атом электр станциясы бар екен. Қазақстан Үкіметі болса, елдегі өндірістің дамуы осындай станцияларға тікелей тәуелді екенін айтуда. Сондықтан оның құрылысына қарсы шыққандарға қарамастан, қуат өндіретін нысан бәрі-бір салынатын болады.


Тетсуро Ивами, «Marubeni utility services» компаниясының президенті:

-Біздің еліміздегі Фокусима станциясында жойқын апат болғаны баршаға мәлім. Одан ауыр сабақ алдық десек болады. Жаңа станция салатын кезде ондағы қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Қазақ еліне көмектесуге әзірміз. Маман әзірлеуде тәжірибеміз де жеткілікті.