"Аттап кетіңіздер, сосын арыз жазыңыздар": Диана Скатова алып қашу құрбандарына кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аттап кетіңіздер, сосын арыз жазыңыздар": Диана Скатова алып қашу құрбандарына кеңес берді

"Аттап кетіңіздер, сосын арыз жазыңыздар": Диана Скатова алып қашу құрбандарына кеңес берді

"Qoslike" бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатоваға оқырмандары көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Желі қолданушылардың бірі түрлі өмірлік жағдаяттарды келтіріп, алып қашу дәстүрі туралы тележүргізушінің пікірін сұрады.

  • 13 Ақпан 2023
  • 664
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Қызды алып қашып кеткенде, қалғысы келмей, босағада жатқан әжеден аттап кеткені дұрыс па?” деген сұраққа Диана: “Аттап кетіңіздер! Сосын алып қашқан адамның үстінен арыз жазыңыздар! Адам тағдырын босағадағы апаға емес, Аллаға сеніп тапсыру керек”, – деп жауап берді.

Тележүргізуші қарым-қарынаста жолы болмай жүрген жас қыздарға кеңес берді.

“Бір жігітпен танысқанмын. Бірақ жоқ болып кетіп, қайта қайтып келеді. Не істесе болады?” – деген бойжеткеннің сауалы жауапсыз қалмады.


“Инструкция келесідей: ол жігітті жан-жақтан қара тізімге саласыз, өзіңізді бағалауды үйренесіз де, келесіде пайда болғанда оны пысқырмайсыз. Содан кейін жаңа таныстықтарға ашық боласыз”, – деп жауап берді тележүргізуші.

Соңғы жаңалықтар