Аттракционда алпыстан астам адам тұрып қалды
![]() |
Жапонияның Осака қаласында Universal Studios тақырыптық саябағындағы Flying Dinosaur аттракционы кенеттен тоқтап қалды. |
Соның салдарынан 64 адам жерге түсе алмады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru сайтына сілтеме жасап.
32 адам екі сағат бойы 20-30 метр аралықтағы биіктікте, ал 32 адам аттракционға кіретін жерде тұрып қалған. Аттракцион алдын ала сақтандыратын құрылғының автоматты түрде іске қосылуы нәтижесінде жұмысын тоқтатқан. Ол жердегі ешбір адам зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз:
Депутат жалақысы аз колледж мұғалімдерінің мәселесін қозғады
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін