Аты аңызға айналған футболшы Пеле марапаттарын саудаға қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аты аңызға айналған футболшы Пеле марапаттарын саудаға қойды

Аты аңызға айналған футболшы Пеле марапаттарын саудаға қойды

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле 60 жылдық спорттық өмірінде қол жеткізген марапаттары мен жәдігерлерін саудаға қойды. Үш күнге созылатын аукцион сейсенбіде Лондонда ашылады, деп хабарлады BBC.

  • 7 Маусым 2016
  • 417
Фото - Caravan.kz

Сарапшылардың айтуынша, бұл аукцион спорттық мұралардың ең ірі саудасы ретінде тарихта қалуы мүмкін. Барлығы саудаға екі мыңнан астам лот қойылған. Болжам бойынша, саудадан бес миллион фунттан (7,2 млн доллар) астам табыс түсуі мүмкін.

Футболшының өзі спорттағы олжалары әлемнің түкпір-түкпіріндегі музейлер мен коллекцияларда сақталғанын қалайтынын айтқан. Ол сондай-ақ түскен пайданың бір бөлігін қайырымдылық қорларына тапсыратынын жеткізіпті.

Пеле ФИФА-ның футбол Комиссиясының тұжырымы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы және Халықаралық Олимпиада комитетінің тұжырымы бойынша ХХ ғасырдың үздік спортшысы атанған. Ол ойыншы ретінде үш мәрте әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы.


 

Соңғы жаңалықтар