Жарияланды: 800

"Атырау - Ақтау" автожолының "Доссор-Құлсары" учаскесі ашылды (толық нұсқасы)

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - 2008 жылдың 22 қарашасында "Атырау - Ақтау" автожолының "Доссор-Құлсары" 115,км учаскесі пайдаланылуға берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропадан Таяу Шығысқа қарай бағытталған транзиттік маршрутының "Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменістан шекарасы" халықаралық дәліздің құрамына енетін "Атырау - Ақтау" автомобиль жолының Қазақстанның бүкіл экономикасын дамытудаға маңызы зор. Келесі жылы осы бағдарғы бойынша "Атырау -Бейнеу" учаскесіне қайта салуды және концессия негізінде "Бейнеу - Ақтау" учаскелерін қайта сала бастау жаспарланып отыр. Атырау - Ақтау автомобиль жолының ұзақтығы 397 шақырымдық "Қарабатан -Бейнеу" учаскесінің қайта салыну жобасы Европалық қайта құру және даму банкінің займы есебінен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны 38 497, 6 млн. теңге, оның ішінде 2008 жылға 12 811, 8 млн теңге жұмсау қарастырылған. Қайта салу жұмыстары 2006 жылы басталған. 2007 жылы ұзақтығы 64 шақырымдық "Қарабатан - Доссор" 317,4-381 учаскесі, ал 1 тамызда ұзындығы 122,6 шақырымдық "Опорное -Бейнеу" учаскесі пайдалануға берілді. Қорытынды кезеңге (2009 жылы) 6 070 млн теңге көлемінде қаржыландыру көзделіп отыр. Осы қаражат есебінен ұзындығы 87,8 шақырым "Опорное -Құлсары" учаскесін пайдалануға беру жоспарлануда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін