"Атырау - Ақтау" автожолының "Доссор-Құлсары" учаскесі ашылды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атырау - Ақтау" автожолының "Доссор-Құлсары" учаскесі ашылды (толық нұсқасы)

"Атырау - Ақтау" автожолының "Доссор-Құлсары" учаскесі ашылды (толық нұсқасы)

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - 2008 жылдың 22 қарашасында "Атырау - Ақтау" автожолының "Доссор-Құлсары" 115,км учаскесі пайдаланылуға берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 795
Фото - Caravan.kz

Еуропадан Таяу Шығысқа қарай бағытталған транзиттік маршрутының «Астрахань — Атырау — Ақтау — Түрікменістан шекарасы» халықаралық дәліздің құрамына енетін «Атырау — Ақтау» автомобиль жолының Қазақстанның бүкіл экономикасын дамытудаға маңызы зор. Келесі жылы осы бағдарғы бойынша «Атырау -Бейнеу» учаскесіне қайта салуды және концессия негізінде «Бейнеу — Ақтау» учаскелерін қайта сала бастау жаспарланып отыр.

Атырау — Ақтау автомобиль жолының ұзақтығы 397 шақырымдық «Қарабатан -Бейнеу» учаскесінің қайта салыну жобасы Европалық қайта құру және даму банкінің займы есебінен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны 38 497, 6 млн. теңге, оның ішінде 2008 жылға 12 811, 8 млн теңге жұмсау қарастырылған. Қайта салу жұмыстары 2006 жылы басталған.

2007 жылы ұзақтығы 64 шақырымдық «Қарабатан — Доссор» 317,4-381 учаскесі, ал 1 тамызда ұзындығы 122,6 шақырымдық «Опорное -Бейнеу» учаскесі пайдалануға берілді. Қорытынды кезеңге (2009 жылы) 6 070 млн теңге көлемінде қаржыландыру көзделіп отыр. Осы қаражат есебінен ұзындығы 87,8 шақырым «Опорное -Құлсары» учаскесін пайдалануға беру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар