Атырау аумағына «Мишень» зымыранының қалдықтары құлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау аумағына «Мишень» зымыранының қалдықтары құлаған

Атырау аумағына «Мишень» зымыранының қалдықтары құлаған

Атырау облысының аумағында «Мишень» зымыранының қалдықтары құлады.

  • 25 Тамыз 2018
  • 7
Фото - Caravan.kz


Бұл жайында ресми ақпараттан бұрын әлеуметтік желілерде мәлімет тараған болатын. Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті да бұл ақпаратты растап отыр, деп жазды 24.kz

Оқиға тамыздың 24-іне қараған түні болған. Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметі бойынша «Мишень» аталатын зымыранның қалдықтары Құрманғазы ауданының аумағына құлаған. Зымыран бөлшегінің ұзындығы 7-8 метрді құрайды. Құрманғазы ауданы Ресей федерарациясының Астрахань облысымен шектеседі. Ал зымыран бөлшектері осы Құрманғазы ауданының орталығына 20 шақырым жерге түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары зымыран бөлшегі құлаған аумақта өртенген құрғақ шөптен шыққан өртті өшірген. Зардап шеккендер жоқ. «Радиациялық ахуал қалыпты», – дейді мамандар. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия өкілдері жұмыс істеп жатыр. Бұл аумақты ішкі істер органдарының қызметкерлері күзетке алды.

 

Соңғы жаңалықтар