Жарияланды: 870

Атырау мұнай өңдеу зауыты "АНПЗ-ТРАНС" компаниясымен арадағы келісімді үзді

1-тамыздан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің салалық компаниясы болып табылатын "АНПЗ-ТРАНС" компаниясымен арадағы келісімді үзді. Соның салдарынан 200 қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "АНПЗ-ТРАНС" ЖШС-нің құқықтық бөлімінен хабарлады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты бұл қадамды зауыттың қожайыны болып табылатын "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның оңтайландыру саясатына орай шығарған бұйрығымен байланыстырып түсіндіреді. Зауытпен тамырлас компанияға бұл шешім жай түскендей әсер етіп отыр. Келісім шартының бұзылуын заңсыз деп тапқан "АНПЗ-ТРАНС" ЖШС сотқа шағым түсірді. "АНПЗ-ТРАНС" ЖШС Швейцариялық компанияның 70 проценттік, Атырау мұнай өңдеу зауытының 30 проценттік үлесімен 1997-жылы құрылған. Бүгінге дейін "АНПЗ-ТРАНС" ЖШС мұнай өңдеу зауыты үшін теміржол даяшылығын жасап, транспорттық-экспедиторлық қызмет көрсетіп келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть