Атырау облысы құрт ауруына шалдыққандар деңгейіне қарай республика көлеміндегі ең қолайсыз өңір қалпында қалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысы құрт ауруына шалдыққандар деңгейіне қарай республика көлеміндегі ең қолайсыз өңір қалпында қалып отыр

Атырау облысы құрт ауруына шалдыққандар деңгейіне қарай республика көлеміндегі ең қолайсыз өңір қалпында қалып отыр

Атырау. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысы құрт ауруына шылдықққандар саны бойынша республика көлеміндегі ең қолайсыз өңір қалпында қалып отыр. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында облыстық СЭС-тің бас дәрігерінің орынбасары Ербол Уайысов хабарлады.

  • 19 Наурыз 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің мәліметінше, облыста әрбір 100 мың адамға «Кох таяқшасын» жұқтырған 185,3 науқастан келеді. Оның 1,5 мыңға жуығы дерттің ашық түріне шалдыққан, яғни, дертті таратушыларға саналады және жыл сайын орта есеппен 10-12 адамға ауру жұқтырады. «Тек өткен жылы жаңадан ауруға шалдыққан 883 адам тіркелді. Осы ретте құрт ауруына шалдыққандардың жас мөлшері жылдан -жылға төмендеп келе жатқанын айта кету керек: туберкулезбен ауыратындардың 85%-ы — 15 — 45 жас аралығындағылар», — деді Е. Уайысов.

Ал облыста мамандар өте тапшы. Туберкулез ауруханаларындағы дәрігерлер корпусы бүгінде 67%-ға ғана толық. Кейінгі үш жылда облыстан 11 фтизиатр кетсе, келгені небәрі — 2.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті