Атырау облысы шенеунігі соғыс ардагерін жаңбырдың астына тұрғызып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысы шенеунігі соғыс ардагерін жаңбырдың астына тұрғызып қойған

Атырау облысы шенеунігі соғыс ардагерін жаңбырдың астына тұрғызып қойған

Атыраулық шенеуніктердің соғыс ардагерлеріне деген құрметі ерекше! Ерекшелігі сонда, қарттарды жаңбыр астына тұрғызып қойып, өздері қолшатыр ұстайды.

  • 9 Мамыр 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың мына суреті қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиға 6 мамыр күні болған. Жылыой ауданындағы соғыстан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны ашу кезінде. Жаңбыр жауып тұрған сәтте шенеуніктің қолшатыр астында, ал кеудесі медальға толы майдангердің балдаққа сүйеніп, жауын астында тұрғанын шараға қатысушылардың бірі түсіріпті. Нақпаевтың өзі бүгін мұны түсінбеушіліктен болған деді. Айтуынша, майдангерді кеш байқап, бірақ кейін қолшатырымен бөліскен. Дәлелі ретінде суретін де көрсетті.

Сәлімжан Нақпаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

-Мен бірінші болып сөйлеп, кешенді аштым. Одан кейін аудан әкімі сөйледі. Сол кезде менің көмекшім маған қолшатырды алып келген. Мен байқағаннан кейін қолшатырды қасымда оң жағымда тұрған ардагермен екі ортаға тұруын сұрадым.