Жарияланды: 580

Атырау облысында 10 күнде жол апатынан 10 адам мерт болды

Атырау облысында 10 күнде 11 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 10 адам мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жол апаты 5-тамызда Атырау-Орал тас жолында болды. ВАЗ-2106 автокөлігі мен "Икарус" автобусы соқтығысу салдарынан жеңіл машинаның жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Сондай-ақ, ВАЗдың үш жолаушысы жарақаттанды. Осыған байланысты қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін